Түркістандық қолөнершілер ұлттық байқауға қатысады



Түркістандық 24 қолөнерші «Born Nomad - Power Award» ұлттық байқауына қатысуға өтінім берді.
Байқау қазақ мұрасын қайта жаңғырту мен кеңінен насихаттауға, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен халық шығармашылығының заманауи талдауын рухтандыруға бағытталған.
Еске салсақ, Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта ілгерілету мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында «Born Nomad» бірлескен жобан бастаған болатын.
Түркістан облысынан байқауға қатысуға 68 қолөнерші өтінім білдірген, оның ішінде 24 қатысушы іріктеуден өтті.
Қатысушылар қатарында тігіншілік, кілем тоқу, кестелеу, киіз басу және ағаш өңдеумен де айналысатын қолөнер шеберлері бар. Шеберлердің дені әйел кәсіпкерлер.
Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынайды: Дәстүр мен мәдениет, Инновация, Әйел шебері, Жас талант, 3D қолөнері және Шығармашылық Ынтымақтастық.
Жеңімпаздарды Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның кәсіби топтарының өкілдері мен сарапшыларынан тұратын іріктеу комиссиясы анықтайды.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың айтуынша, бұл жоба қолөнер кәсіпкерлігін жаңа деңгейге шығарудың ерекше мүмкіндік бермек.
Бұл әсіресе әйелдер бизнесі үшін өте маңызды. Түркістандық палата «Бастау» жобасы арқылы барлық қолдауды көрсетуге дайын.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасы қазан айында таңдап, жариялайтын болады.
Сәттілік тілейміз!

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР