"Бастау" жобасының түлегі кілем жуу орталығын ашты



Төлеби ауданың тұрғыны Жандос Мырзаметов "Бастау Бизнес" жобасы арқылы кәсіпкерлік білімін арттырып, кәсіпкерлер палатасы мамандарының сүйемелдеуімен жоспарын сәтті іске асырып, кілем жуу орталығын ашқан.
Жас кәсіпкер, 583 400 теңге грантқа қол жеткізген. Бұл қаражатқа шаңсорғыш пен 500 шаршы метрге арналған кілем кептіргіш аппарат сатып алған.
«Бұған дейін әр түрлі жерлерде жұмыс істеп келдім. Сосын өзім тұрақты жұмыс орнын ашуды ойладым. Ақылдаса келе Леңгір қаласына кілем жуатын орталық керек деген ойға келдім. Қателеспеппіз, қазіргі таңда сұраныс молынан болып тұр. Орталығымызға «Lenger carpet» деген атау бердік», – деді Ж.Мырзаметов.
Қазіргі таңда кілем жуу орталығында 5 адам жұмыспен қамтылған. Олар айына шамамен 200 кілем жууда. Орталық иесі сұраныс артып жатса, кәсіп ауқымын кеңейтемін деп отыр.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың айтуынша, ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Ленгір қаласының өзінде 37 азамат бизнес жоспарын сәтті қорғап, мемелекеттік грантқа ие болған.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР