«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Нақыпбеков Тимур Арсенұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ



Тимур Нахыпбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «заңгерлік» мамандығында оқыған.  Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне де ие.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде инспектор ретінде бастаған.

2009 жылдан бастап "ҚТЖ" ҰК"АҚ "Шымкент жол бөлімшесі" филиалының заң консультанты, заң секторы бастығының м.а. қызметін атқарды.

2013 жылы «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі бас сарапшысы қызметінде болған.

2013 жылдың қараша айынан 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдық қызметтерде еңбек етті. Ең алдымен –бас сарапшысы, одан кейін сервистік қолдау, құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдерінің басшысы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары.

 2017-2018 жылдарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып еңбек еткен.

2018 жылдан 2020 жыл аралығында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымында болған.

2020 жылдың ақпан айынан Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры болып тағайындалғанға дейін ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарған.

 

Тұғырнамасы

 

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары, кәсіпкерлері!

Өмірлік және кәсіби тәжірибем мен кәсіпкерлер Палатасы қабырғасындағы қызметмнің аясында облыс кәсіпкерлерінің ұсыныстары мен проблемаларын ескере отырып алынған сайлауалды бағдарламасын ұсынудамын.

Өздеріңіз білетіндей, республикамызда, оның ішінде біздің өңірді қоса алғанда енгізілген төтенше жағдай мен карантин экономикамыздың күйзелуіне әкеп соқты. Салдарынан көптеген қызмет түрлері тоқтатылды, оның ішінде біздің өңір кәсіпкерлерінің басым бөлігі еңбек етіп жүрген сауда және қызмет көрсету саласы да бар.

Азық-түлік емес сектордағы компанияларда тауар айналымының төмендеуі айналым қаражаттарының жетіспеуіне және басқа да форс-мажорлық жағдайларға алып келді, мысалы банктер алдындағы міндеттемелердің орындалмауы және кадрлардың босатылуы, бұл сөзсіз жаппай жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқты.

Менің сайлауалды бағдарламам Түркістан облысының бизнесін толғандыратын келесі мәселелер мен міндеттерді жүзеге асыруды қамтиды:

- пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік салаларын қамтитын өңірлік бағдарлама жасақтау;

-  өңіріміздің ауылдық және қалалық жерлеріндегі жұмыссыз халықты кәсіпкерлікке баулу арқылы табысын арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету;

- бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою;

- тауарларды ішкі және сыртқы нарықта саудалауға отандық өндірушілерге көмек көрсету;

- аудандарда Агробіліктілік орталықтарын ашу арқылы ауылшаруашылығы саласының тиімділігін арттыру.

 

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі бағыттары:

 

I.                  Бизнесті дамыту және халықты жұмыспен қамту

Палатаның Түркістан облысындағы жүргізілген соңғы сауалнамасының нәтижелері бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің 50% -ы жұмыстан шығарылған және еңбекақысыз еңбек демалысына жіберілген. Босатылған қызметкерлер қатарына (еңбекақысыз еңбек демалысына жіберіліп, жұмыстан босатылған) жоғары оқу орындары мен колледждерді жаңадан бітірген жастар да қосылды.

Ал 1 қыркүйектен бастап жұмыссыз қалған ата-аналар үйде оқуға мәжбүр болған балаларымен бірге отыруда. Көптеген өндірістер тоқтады, көп көлемдегі қызметкерлер таратылды және оларға қызметтерін қайта жандандыру үшін айналым қаражатын толықтыру қажет, бұл жеңілдетілген қаржыландырусыз мүмкін емес.

Жеңілдетілген қаржыландыруға қатысты облыста екінші деңгейлі банктердің толыққанды филиалдары жоқтың қасы (олардың саны аз). Көптеген қаржы институттарында қаржыландыруға қаражат жоқ, жеңілдетілген шарттармен де қамтамасыз етілмейді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жобаларды қарау, мақұлдау және қаржыландыру мерзімдері регламентінің болмауына байланысты қаржы институттары тарапынан қаржыландыру процесінің созылуы да байқалады.Оның үстіне, өңірде кәсіпкерлердің жартысынан көбі-шаруалар. Оларды да назардан тыс қалдыруға болмайды, және менің ойымша, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу үшін фермерлік шаруашылықтарды кооперациялау арқылы тарту қажет, өйткені бұл салада да проблемалар жеткілікті, мысалы, бізде нарықтық инфрақұрылым дамымаған (логистикалық пункттердің, астық қоймаларының, көп функциялы мал қораларының және т .б. болмауы). Сондай-ақ, жұмыссыздық халық топтары бойынша айтарлықтай ерекшеленетінін ескере отырып, жұмыссыздық проблемаларын шешу үшін мемлекеттік саясат құралдары халықтың әртүрлі топтарына қатысты мақсатты сипатта болуы маңызды. Бұл жағдайда ең тиімді шараларды қолдану керек.

 

Шешу жолдары:

- Түркістан қаласында Екінші деңгейдегі банктердің толық форматты филиалдарын құру;

- салалық қолдауды қамтыған Өңірлік даму бағдарламасын құру;

- кооперациялау арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеуге кеңінен тарту;

- әлеуметтік әріптестік механизімін қолдану;

- өзін-өзі жұмыспен қамтудың өсуі үшін жағдай жасау, шағын кәсіпкерлікті қолдау (жеңілдетілген несие беру, тікелей қаржылық субсидиялар бөлу, кредиттер мен басқа да төлемдерді қосымша кейінге қалдыру) ;

- еңбек нарығында жастардың жұмыспен қамтылуын реттеудің елеулі тетігін жасау;

- еңбек нарығын ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту;

- білім беру мекемелерін бітіргеннен кейін квоталанған жұмыс орындарын ұсыну;

- қосарлы білім беру жүйесін дамыту.

 

II.               Әкімшілік кедергілер

Мемлекет тарапынан әкімшілік кедергілерді азайту және жою бойынша шаралар қабылданғанына қарамастан, бизнес субъектілері тарапынан көптеген шағымдар түсуде. Өкінішке орай, көбінесе мемлекеттік органдар кедергілерді қасақана да, қолданыстағы заңнамалардағы олқылықтарға байланысты да жасайды. Бұл, тиісінше, бизнестің дамуына кедергі келтіруі немесе банкроттыққа әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, біздің өңірде өзекті болып табылатын бос жер учаскелері бойынша ақпаратқа қол жеткізудің болмауы проблемасын атап өтуге болады. Жер учаскелерін беру жөніндегі ашық емес рәсім азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, өйткені бұзушылықтары бар комиссиялардың отырыстарын өткізу тараптардың наразылығына тудырады.

Сондай-ақ, көптеген бизнес субъектілері өз құқықтарын білмейтіндігін атап өткен жөн. Салдарынан, олар өз саласындағы қызметті жүзеге асыруда әртүрлі проблемаларға тап болуда.

 

Шешу жолдары:                             

           1. Онлайн-режимде техникалық шарттарды беруді шоғырландыра отырып, интерактивті карта әзірлеу;

2. Жер учаскелеріне электрондық сауда жүргізу;

3. Комиссияның барлық отырыстарын онлайн трансляциямен өткізу;

4. Мессенджерлерде тарату арқылы азаматтарды нормативтік актілерді әзірлеуге тарту;

5. Бизнес субъектілерін салалық қауымдастықтар мен Өзін-өзі реттейтін ұйымға біріктіру.

"Нұр Отан" партиясының ішіндегі праймеризге қатыса отырып, мен өңірдегі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін бар күш-жігерімді, өз дағдыларым мен білімімді жұмсауға және және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің тапсырмаларын орындау, облыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру ісінде қолдану және менің сайлауалды бағдарламамның негізгі ережелерін жүзеге асыруға ниеттімін.

Сайлаушылармен кері байланыста болу үшін Мен Facebook желісінде парақшамды жүргіземін: https://www.facebook.com/profile.php?id=100006833352283, онда сіз менің халықпен және кәсіпкерлермен кездесулерімнің кестесін таба аласыз.

Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңыз бен қолдауларыңызға әрқашан қуанамын!

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР