Арыстық кәсіпкерлердің назарына!

Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы 28 тамыздан бастап кәсіпкерлік нысандарды қалпына келтіру бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылғандығын хабарлайды. Орталық түскен өтінімдер бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Еске салсақ, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасымен Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлерге кеңестер мен құқықтық қолдау көрсету мақсатында Орталық құрылған болатын. Екі ай ішінде Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері зардап шеккен кәсіпкерлерден құқық қорғайтын құжаттар қабылдап, қажетті заңгерлік қолдау көрсетті. Сондай-ақ, кәсіпорындардың, дүкендер, тойханалар, дүңгіршектер және т.б. қалпына келтіру бойынша кеңестер берді. Анықтама: Бүгінге дейін 509 кәсіпкерлік нысанның 195-іне 1,6 млрд. теңгеге шығындары өтелді. Палата сарапшыларының арқасында 3503 кеңес беріліп, электронды үкімет порталынан 2521 анықтама берілді. Арыстық кәсіпкерлер 390 млн. теңгеге 78 өтініш берді. 185,6 млн. теңгеге 60 жоба мақұлданды. 74 млн. теңгеге 28 жеңілдетілген несие берілді.