Инвестициялық жобалар жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуда



Түркістан облысында бизнеске қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.                  Аталған жоба кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.                                                                  Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев пен «Kazakhtan CHN-KZ Eneregy Group» серіктестіктің құрылтайшысы - директоры Чу Донг жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.       Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмут кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Кәсіпкерлер үшін бұл жоба сыбайлас жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруда.                                                                                                                 Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.                                                                                                                                 Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 470 млн долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания күн және жел электростансасының құрылысын салумен және энергетикалық жабдықтарды өңдеумен айналысады.                                          Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 215 млрд. теңгеден асатын 4 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.                                                                                                                               Кездесу барысында қатысушылар бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан кешенді іс-қимыл туралы өз ойларымен бөлісті.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР